«20 жасқа толарда айттым»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейге шындықты айтқан кезін еске алды

Мақпал Жүнісова фото на taspanews.kz от 09 декабря 2024 14:28
Фото: instagram.com/zhunussova.makpal

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова қызы Мерейге шындықты айтқан кезін еске алды. Жан сырын ақтарған әнші не үшін олай жасағанын да түсіндіре кетті. Бұл туралы Taspanews.kz Мақпал Жүнісованың «Din Dina Show» бағдарламасына берген сұқбатына сілтеме жасап хабарлайды.


Әншінің сөзінше, ол Мерейдің өз тегі мен руын білгенін қалаған.  


«Ол шындықты не үшін айттым? Қыз өсті. Оның үстіне Зәкең көзінің тірісінде «Мерей 18-ге келгенде өзім айтамын» деген. Сол кісінің аузынан шыққан сөз. Қыз 18-ге толды, мен айта алмадым. 19 жасында да айта алмадым. 20-ға жақындағанда айттым. Сол кезде ол жігіттермен кездесуге барады, танысады. Сосын келіп, руларын айта бастайды. Өзін албанмын дейді. Ол – өтірік қой. Арғынның қызы, қаракесек. Сол кезде шындықты айтуға бекіндім. Өз тегін, руын білсін деп ойладым. Ертең күйеуге шыққанда өтіріктен бастайды ма деген ойлар да кетті. Зәкең айтамын деген, енді өзім айтуым керек деп шештім. Содан кейін ана жақтағы балалар оған хабарласып мазалай бастады. Сол себепті маған шындықты айту керек болды», – деді әнші.


Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews