«8 жасынан бастап ешкімді тыңдамай сүйредім»: Гүлзира Айдарбекова Қайраттың тыңдармандарына алғыс айтты

Қайрат Нұртас пен Гүлзира Айдарбекова  фото на taspanews.kz от 12 марта 2025 15:29
Фото: instagram.com/kair_n

Танымал продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова ұлының қолдаушыларына алғыс айтты. Бұл туралы Taspanews.kz Гүлзира Айдарбекованың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Продюсер ұлының жетістігі «қара тер еңбекпен келді» дейді.


«Жан балам. Өзі от. Орал қаласындағы ән кешінен видео келді. Халықтың осыншалықты махаббатына бөлену – инемен құдық қазғандай. Қара тер еңбекпен келді. 8 жасынан бастап, қолынан ұстап ешкімді тыңдамай сүйрелеп едім. Әрбір қиындығы мен қызығында түгел басы қасында болдым. Сахна сыртындағы дайындығына туған анасы әрі продюсері, мән беріп қарайтын мен болдым. Ал көрермен әрі жанкүйер, тыңдаушылары, мінекей, бағалайтын, сағынатын, түсінетін жандар жоқ емес екен. Аллаға сансыз шүкірлер!», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews