«Ақ көйлек кию маған да бұйырды»: Ақбота-Нұр Сейітмағанбет қуанышты жаңалығын бөлісті

Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy

Қазақстандық танымал актриса, әнші Ақбота-Нұр Сейітмағанбет  желіге өзіне «ақ көйлек кию бұйырғанын» жазды. Бұл туралы Taspanews.kz әншінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Өнер иесі желіге ақ көйлек киген фотосын жүктеп, қуанышты күннің жақындап қалғаны туралы жазды.


«Ақ көйлек» кию маған да бұйырды. Аллаға сансыз шүкір деп айтатын күнде жақындап қалған сияқты жақсыларым. Тәтті пікірлеріңіз болса», – деп жазды әнші.


Мұны көрген желі қолданушылары актрисаға бақыт тілеп, ақ тілектерін арнады.


«Бақытты болыңыз», «Алла бағыңызды ашсын», «Сіз үшін сондай қуаныштымын. Бақытқа лайықтысыз», «Тұрмысқа шығайын деп жатыр», «Тойға дайындықты бастап кеткен сияқтысыз ғой», «Жақында дүбірлі той болар», «Шын болсыншы. Кино немесе бейнебаян емес», – деп жазуда оқырмандар.


Пост из социальной сети