«Әкем үйге кіргізбеді»: Мөлдір Әуелбекова ажырасу туралы жан сырын ақтарды

Фото: Бағдарламадан скриншот

Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова өмірінің қиын кезеңдері туралы айтып, ажырасқан кезін еске алды.  Бұл туралы әнші «Din Dina Show» бағдарламасына берген сұқбатында айтты.


Өнер иесінің сөзінше, ажырасқаннан кейін әкесі оны үйге кіргізбеген көрінеді. Алайда әнші мұны асқар тауының даналығы деп біліпті.


«Қайтып келген қыз жаман» деген жағдайға байланысты деп ойлаймын. Бірінші некемде түсініспеушіліктер болған кезде Алматыға жұмыс сапарымен келдім. Ол кезде ата-анам Алматыда, біз Астанада тұрамыз. Бізде сол кезде баламның әкесімен жанжал үдеп кетті. Сол кезде үйдегілерге «Мен кетемін, осы жерде қаламын» дедім. Әкем «Жоқ, бұл жерде қалмайсың» деп мені үйге кіргізбей, қайтарып жіберген. Бірақ қайтып барған күннің өзінде жағдай мен жанжал үдей түсті. Әкемнің даналығын күйеуімнің туыстары түсінгенде бәрі жақсы болар ма еді. Олар «Жексұрын болып, өзі қайтып келді. Қайтып келген қыз жаман» деп мені кінәлады. Содан кейін бәрі ажырасуға келіп тірелді. Мен өзім кетіп қалсам, әкем үйге кіргізбейтінін білдім. Жанжал болғанда кете алмайтынымды білдім. Бірақ бәріне шыдап, соңында өзі мені тастап кетті. Өзі тастап кеткен соң әке-шешем қабылдайды ғой. Құшағын жайып қабылдады», – деді Мөлдір Әуелбекова.


Пост из социальной сети