«Әкемнің жаназасы болатын күні ұлым дүниеге келді»: Ернар Айдар әкесінің қазасы туралы айтты

Қазақстандық танымал әнші Ернар Айдар әкесін ақтық сапарға шығарып салар күні ұлды болғанын жазды. Бұл туралы Taspanews.kz Ернар Айдардың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әнші қайғы мен қуаныш қатар келгенде есеңгіреп қалғанын жасырмады.
«Пенде болғасын арманымыз бен әттеген-айымыз қатар жүретіні белгілі. Тас түскен жеріне ауыр демекші, әкемнің қазасы өте ауыр тиді. Әкемнің жаназасы болатын күні таңда ұлым дүние есігін ашты. Біз әкемізді түсте ақтық сапарға шығарып салдық. Сөйтіп әкем Айдарұлы Жаңабайдың немересі, Ернарұлы Жаңабек дүниеге келді. Қайғыдан құлазып жүрген мен, не қайғырарымды не қуанарымды білмей есеңгіредім. «Өлгеннің артынан өлмек жоқ», «Қайғы мен қуаныш қатар жүреді» деген сөздердің мағынасын осы кезде тереңдей түсіндім», – деп жазды әнші.