Актриса Жанель Мақажан «Қалаулым» бағдарламасына не үшін барғанын айтты
Қазақстандық танымал актриса Жанель Мақажан атышулы «Қалаулым» бағдарламасына не үшін барғаны туралы айтып берді. Бұл туралы Taspanews.kz Жанель Мақажанның «Айтарым бар» подкастына берген сұқбатына сілтеме жасап хабарлайды.
Актриса атышулы «Қалаулымның» шоу екенін кейін түсінгенін айтты.
«Сол бағдарламаға барғанға әлі күнге дейін өкінемін. Қызық үшін барғанмын. Кейін таныстырам жаман пікірлер жазып, мені жазғырды. Ол жаққа жігіт-күйеу іздеп бармадым. Адамдар қызықтырып айтты. Оқырман жинап аласың деген де идеялар айтылды. Бір ай ғана отыршы деп ұсыныс тастады. Оның шын мәнінде қандай бағдарлама екенін білмедім. Танымал боласың, оқырмандар көбейеді деп қызықтырған соң барғанмын. Бірақ 1-2 аптадан кейін өзімді өте жайсыз сезіндім. Жылатып та қойды. Балаларыма тіл тигізген кезде, жалғызбасты аналар мені түсінеді, тіпті ұрып жіберуге дейін барамыз. Тіпті өнердегі Сәкен Майғазиев ағаларым, қоңырау шалып, «кетші ана жерден» деп ұрысты. «Қалаулым» – шоу. Ар жақтан ұрсысыңдар, кішкене былай айтыңдар» деп айтады. Шоу бағытына құрылған бағдарлама екеніне көзім жетті», – деді актриса.