Алем мен Вероника алғаш рет отбасылық сұхбат берді

Фото: _zhangalova инстаграм
Белгілі Q-pop тобы Ninety One-ның солисті Алем (Батырхан Маликов) жұбайы Вероника Жанғалова және жаңа туған ұлымен бірге алғаш рет «Замандас» подкаст-шоуында сұхбат берді, – деп хабарлайды Taspanews.kz «Замандас» подкаст-шоуына сілтеме жасап.
Алем мен Вероника бағдарлама барысында махаббат хикаяларын, ата-ана болуға дайындықтары және отбасылық өмірдегі қиындықтар мен қуаныштарымен бөлісті. Вероника: «Ол маған күнде махаббатын көрсетуден жалықпайды», – деп, жұбайына деген ықыласын жеткізді.
Сұхбат барысында ерлі-зайыптылар серіктес босану тәжірибесі, бала тәрбиесіндегі саналы көзқарас, вакцинацияның маңызы және отбасылық қолдаудың әсері туралы әңгімеледі. Алемнің айтуынша, әке болу – оның өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі.