«Әлі сол әңгіме артымнан қалмады»: «Қойшы бала» желіде жан сырын ақтарды

Фото: Жеке парақшадан алынды
«Қойшы бала» лақап атымен танылған Айдос Кәден желіде жан сырын ақтарды. Бұл туралы Taspanews.kz Айдос Кәденнің Tiktok-тағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жігер Ауыпбаевпен жұмыс істеп, кейін өз жолымен кеткен жас әнші халықтың сынына қалған еді. Ол желіде әлі күнге дейін артымнан сөз ереді деп мұңын шақты.
«Бір жыл. Әлі сол әңгіме артымнан қалмады. Адам өлтіргендер де тойлатып жүр, ал мен өтірік күліп жүрмін. Ит үреді, керуен көшеді. Бұл сөздер де аяқталар», – деп жазды жас әнші.