Ән шырқаған Ләйлә Сұлтанқызы көпшіліктің сынына қалды

Фото: instagram.com/sultankyzy

Қазақстандық журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ән шырқаған видеосын Instagram-дағы ресми парақшасына жүктеді. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды. 


Видеода журналист «Дариға жүрек» әнін шырқады.  


«Мен емес, жасанды интеллект қой айтып отырған, десең иә?! Жасанды интеллект дамыған заманда бай болғыңыз келсе, мынандай қасиет болу керек екен: Икемділік – өзгерістерге бейімделіп, жаңа технологияларды тез меңгеру. Шығармашылық – стандарттан тыс ойлап, жаңа идея, шешімдер ұсыну. Үздіксіз оқу – білім алуды тоқтатпай, дағдыларды жаңартып отыру. Тәуекелшілдік – жаңа бастамаларды жүзеге асыруда қорықпау. Тез әрекет ету. Мықты коммуникация – адамдармен тез байланыс орнатып, ынтымақтастық құра алу. Мәселе шешу қабілеті – күрделі жағдайларда шешім таба білу», - деп ойымен бөлісті ол.


Желі қолданушылары Ләйләнің бұл өнеріне баға беріп, сан алуан пікір қалдырды.


«Даусы бар адамдарға қызығамын», «Елдің бәрі Роза Рымбаева емес, әнге әркімнің бар таласы», «Жүргізуші болып жүре бересіз-ау», «Анда-санда болып тұрады, шабыт келгенде шырқайтынымыз бар», «Маған ұнап тұр. Дауысыңыз жақсы-ақ. Бұлай айта алмайтындар да бар ғой», «Сіздің де ән салғаныңызды есту бақыты бұйырыпты», - деп жазуда желі қолданушылары.


Пост из социальной сети