Әнару Құрманәлінің адвокаты Жанқош Тұраровтың жұбайын жалған ақпарат таратты деп айыптады

Фото: Жеке парақшадан

Осыған дейін боксшының әйелі Клара Иса жәбірленуші Әнару Құрманалиеваға қатысты сұраққа жауап беріп, оның жала жапқаны үшін сотталайын деп жатқанын айтқан. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды.


Алайда Құрманәлиеваның адвокаты аталған ақпаратты жоққа шығарды.


«Мына ақпарат өтірік! Зорлау фактісі бойынша тергеу әлі аяқталған жоқ, жүріп жатыр. Соңғы сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз. Сосын Тұраров үшін әйелі арыз жаза алмайды, ондай өкілеттігі жоқ. Осындай жалған ақпарат таратқан адамды, оны тексермей, жариялағандары үшін осы топты, авторды, басқа да сайттарды жауапқа тарту жөнінде шағым дайындалып жатыр», – деп жазды Ләззат Ахатова Facebook-тағы парақшасында.