«Арамызда 20 жыл бала болмады»: Майра Мұхамедқызы тұңғышын ұзақ күткенін айтты

Фото: instagram.com/mairaopera

Танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы ана атануды 20 жыл күткені жайлы сыр шертті. Бұл туралы Taspanews.kz өнер иесінің Дана Нұржігітке берген сұқбатына сілтеме жасап хабарлайды.


Мұхамедқызы тіпті жұбайына арада бала болмаса, «махаббатымды қиямын» деп те айтқан көрінеді.


«Жолдасым өте парасатты адам. Біздің арамызда 20 жыл бала болмады. Сол кезде мен оған «өліп кетсем де бала туып беремін. Әйел ретінде саған қарызбын» дедім. Егер бала туа алмасам, басқа әйел алуға рұқсат етемін дедім. Махаббатымды қиямын дедім. Бірақ ол кісі көнбеді. «Ата-ана үшін бала маңызды екенін түсінемін, бірақ біздің арамызда махаббат бар» деді. Баланы беру Алланың қолында екенін айтып, мәңгі менімен қалуға уәде берді. Сен мені тастамасаң, мен сені тастамаймын деді. Мен уәдемде тұрып қызды дүниеге әкелдім», – деді опера әншсі.


Пост из социальной сети