Әсел Асқар шетінеп кеткен сәбиіне жан тебірентер жазба арнады

Әсел Асқар фото на taspanews.kz от 29 января 2025 13:42
Фото: instagram.com/assel.askar

Қазақстандық танымал актриса, блогер Әсел Асқар шетінеп кеткен сәбиіне жан тебірентер жазба арнады. Бұл туралы Taspanews.kz Әсел Асқардың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Блогер оқырмандарын «барды бағалауға» шақырды.


«Ай, балам-ай! Бүгін 3 жасқа толар едің?! Бұзық, күлімсіреп тұратын, жарқын, мейірімді, байсалды едің?! Не дерімді білмеймін. Бірақ сен ең сүйікті әрі есімізде мәңгі қалдың?! Анасының жүрегі. Балам, туған күнің құтты болсын! Мен саған ұзақ ғұмыр мен денсаулық тілей алмаймын. Бірақ анаң өзіңді қалай жақсы көретініңді білесің. Менің қамқор періштем! Осы жазбаны түсірілім алаңында жазып отырмын. Көз жасымды әрең ұстаймын. Жұмыс біткеннен кейін жылап аламын. Адамдар, бар бақытты бағалаңыз! Өмір сүріп жатқан әрбір бақытты сәттен ләззат алып, шүкіршілік етіңіз», – деп жазды актриса.


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews