Асқар Жұмабек желіде өзін қолдағандарға алғыс айтты

Асқар Жұмабек  фото на taspanews.kz от 13 декабря 2024 14:11
Фото: instagram.com/asqar_zhumabek

Жақында ғана бостандыққа шыққан Асқар Жұмабек желіде жан сырын ақтарып, өзін қолдағандарға алғыс білдірді. Бұл туралы Taspanews.kz  Асқар Жұмабектің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Актер оның мерзімінен бұрын босап шығуына көптің дұғасы септігін тигізгенін айтты.


«Ассаламағалейкум, құрметті оқырмандарым, көрермендерім, жанашырларым, жалпы қазақ елі! Осы видеоны сіздерге алғыс айту ретінде түсіріп отырмын. Әрқайссыңызға Алланың нұры жаусын. Барлықтарыңызды жақсы көремін. Осы күнге дейін менімен бірге болып, мені қолдап келгендеріңіз үшін сіздерге мың да бір рақмет. Маған тілеген жақсы тілектеріңіз, лебіздеріңіз өздеріңізге еселеніп қайтсын. Менің босап шығуымның себебі, ол бірінші Алланың арқасында, екінші ата-анамның жақындарымның, сіздердің дұға-тілектеріңізді арқасында деп білемін. Бүгін менің туған күнім. Туған күніме бұл өте жақсы сыйлық болды. Мені қолдайтын халық бар екеніне қуаныштымын. Мен сіздермен мықтымын, енді менің жақсы жетістіктерімді көресіздер. Жаңа жылда жақсы күндерде, жақсы кинолардан мені көре беріңіздер», – деді актер.


Айта кетейік, Асқар Жұмабек осыған дейін караокеде болған төбелеске қатысып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған еді. 


Следите за новостями Taspanews