«Әскерге расымен адам жетпей жатқан сияқты»: трансгендер Амилай әскерге шақырту алды

Фото: instagram.com/amilai_vip

Амилай лақап атымен танымал трансгендер әскерге шақырту алғаны туралы айтты.


Блогер әскерге шақырту алғанын айтып, желі қоданушыларын шулатып қойды. Бұл туралы Taspanews.kz Амилайдың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


«Маған қоңырау шалып: «бауырым, сен қайдасың?» Мен бауырым емес, қарындасыңмын деп жауап беріп, трансгендер Амилай екенімді түсіндірдім. Маған төлқұжатымды алып, дүйсенбіде келу керегін айтты», – деді ол.


Желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. 


«Сені шақырса, расымен әскерге адам жетпей жатыр-ау», «Соғыстан басқаның бәрін көрдік-ау», – деп жазды желі қолданушылары.