Айдар Асқарбек пен Жарқынай Ханайым бөлек шықты
Фото: instagram.com/jarkynaixanaiym
Актер Айдар Асқарбек пен әнші Жарқынай Ханайым ата-анасынан енші алып, бөлек шыққандарын растады. Бұл туралы Taspanews.kz Айдар Асқарбектің «Revue News» бағдарламасына берген сұқбатына сілтеме жасап хабарлайды.
Актердің сөзінше, бөлек шығу мен бірге тұрудың айырмашылығы бар.
«Үйдің үлкені болғаннан кейін бұны жоспарлап жүргенмін. Айырмашылығы бар. Үлкен шаңырақта тұрып жатқанда қатты ұрыса алмайсың. Сөздің шыны керек, кейде сөзді тыйып қаласың. Ал мына жақта өз ой-пікіріңді айта аласың. Өз үйіңдегідей сезінесің», – деді актер.