«Айттым, істедім»: Қыран Талапбек жұбайына су жаңа көлік сыйлады

Фото: instagram.com/gulzada_tl
Танымал мобилограф Қыран Талапбек жұбайының туған күніне құны 100 млн теңгеден асатын Mercedes-Benz G-класс көлігін сыйлады. Бұл туралы Taspanews.kz Қыран Талапбектің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Талапбек желіге көлікті сыйлаған сәтінен видео жүктеп, келіншегін туған күнімен құттықтады.
«Туған күнің құтты болсын, махаббатым. Біз кездері, кездесіп жүрген уақытта оған «гелик» сыйлауға уәде бергем. Айттым, орындадым», – деп жазды Қыран.
Желі қолданушылары отбасыны құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
«Бізге де жұғысты болсын», «Құтты болсын! Берекелі, мерекелі көлік болсын», «Керемет», – деп жазуда желідегі оқырмандары.
Пост из социальной сети