Айжұлдыз Адайбекова неліктен жас көрінетіндігі жайлы сырымен бөлісті

Айжұлдыз Адайбекованың Instagram парақшасынан фото на taspanews.kz от 11 апреля 2025 22:47
Фото: Айжұлдыз Адайбекованың Instagram парақшасынан

Айжұлдыз Адайбекова әлеуметтік желідегі сторисінде сауалнама ұйымдастырып, бірнеше сұрақтарға жауап берді, – деп хабарлайды Taspanews.kz жұлдыздың инстаграм парақшасына сілтеме жасап.


Өз оқырманының «өз жасыңыздан қарағанда жас көрінесіз, неге?» деген сауалына актрисаның жауабы қысқа да, нұсқа болды. Ол ештеңені жүрекке алмайтынын, өмірге ойын секілді қарайтынын жеткізді. Сонымен қатар, әрдайым медитация жасайтынымен бөлісті. Дұрыс тамақтанудың маңыздылығын атап өтті. Одан бөлек, Салауат айтып жүретінін алға тартты.


Сол сияқты сұрақтарға жауап бере, актриса адамды мұсылман немесе қазақ етіп бөліп-жарымайтынын білдірді. «Адам болу» маңызын атады.


Қаражатсыз қалған болса, еш көңілге алмай мұны ойын ретінде қабылдайтынын да жеткізді. Қанша рет ақшасы жоқ болып қалған кездері болса да, ешқашан да қорықпағанымен бөлісті.


Айжұлдыз Адайбекованың жеке парақшасы. Instagram фото на taspanews.kz от 11 апреля 2025 22:47
Фото: Айжұлдыз Адайбекованың жеке парақшасы. Instagram
Следите за новостями Taspanews