«Балаларды шариғат жолымен тәрбиелейміз»: Абай Бегейдің келіншегі отбасындағы бала тәрбиесі жайлы айтты
Қазақстандық танымал әнші Абай Бегейдің жұбайы Фариза Жұманова отбасындағы бала тәрбиесі туралы сөз қозғап, балаларды шариғат жолымен тәрбиелейтіндерін айтты. Бұл туралы Taspanews.kz Фариза Жұманованың «Айтарым бар» подкастына берген сұқбатына сілтеме жасап хабарлайды.
Өнер иесінің келіншегінің сөзінше, Абайдың ортаншы қызы Сымбат орамалға өзі келген.
«Жалпы діни отбасы деп айтуға болады. Балаларды шариғат жолымен тәрбиелейміз. Бес уақыт намаз оқимыз. Балаларымыз намаз оқымаса, біз үшін үлкен кемшілік болатын еді. Аминокқа «мен намаз оқимын, әкең намаз оқиды» деп айтып отырамын. Намаз – әр адамға парыз. Тақсырға да айтамын: «біз үлгі болайық, діни тәрбие берейік» деп. Сымбат намазға өзі келді. Әмина мен Сымбат Құран оқи алады, арнайы дәріске жібердік. Күн сайын әкесі екеуміз де Құран оқимыз», – деді желі жұлдызы.