Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі Жахан Отарғалиевтің үйленуі туралы пікір білдірді

Балжан Бидаш фото на taspanews.kz от 16 января 2025 14:26
Фото: instagram.com/bidash_official

Қазақстандық танымал әнші Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі, актер Жахан Отарғалиевтің үйленуі туралы пікірін бөлісті. Бұл туралы Taspanews.kz әншінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Осыған дейін актер әлеуметтік желіде үшінші рет үйленгенін хабарлаған еді. Қазір Балиде демалып жатқан өнер иесі өзіне бақыт тілегендерге алғыс білдірді. Әнші әр адам қалағанынша бақытты болуға лайық екенін жазды.


«Иә, елде жақсы жаңалық болып жатыр екен. Әр адам қалағанынша бақытты болуға лайықты. Қалағанынша өмір сүруге құқылы. Дұрыс-бұрыс деген нәрсе жоқ. Тек дұрыс адам болып қалу маңызды. Маған бақыт тілеп жатқандар қаншама. Рақмет, достар! Ата-анам мен халықтың қолдауының арқасында сол кезеңнен тез өтіп кеттім. Әзірге айтарым осы. Іштей бір сұхбатқа дайындалып жүрмін. Әзірге кімге сұхбат беретінім белгісіз», – деп жазды әнші.


Следите за новостями Taspanews