«Басты сыйлық – садақ»: Мұхамеджан Тазабек келін түсірді

Мұхамеджан Тазабек  фото на taspanews.kz от 17 декабря 2024 16:34
Фото: instagram.com/mukhamedzhan_tazabek

Медиа-менеджер Мұхамеджан Тазабек тұңғыш ұлын үйлендірді. Бұл туралы Tasppanews.kz дінтанушының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Той иесі қонақтарға дайындаған ерекше сыйлығын көрсетті. Оның айтуынша, басты сыйлық – садақ.


«Өткен жолы анаңыздың тойынан мол тағылым алдық, бұл тойды да бізбен бөліссеңіз» деп келген көптеген өтініштермен тойдың маңызды сәттерін сториста, рилста бөлісіп отыруға тырысамын. Бұл жолы де ерекше сыйлықтар дайындадық. Басты сыйлық – садақ. Басқа сыйлықтар бола береді ғой, бірақ қазақ екенімізді еске салатын, жауынгерлік пен жігіттіктің иісі шығып тұрса екен дедім. Міне, бүгінгі тойдан алатындарыңыз», – деді медиа менеджер.


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews