Баян Алагөзова кішкентайының 6 айлығын атап өтті

Фото: Баян Алагөзова инстаграмы
Танымал продюсер Баян Алагөзова отбасы үшін маңызды сәтті ерекше атап өтіп, қуанышты оқиғамен желі оқырмандарымен бөлісті, ‐ деп хабарлайды taspanews.kz продюсердің Instagram-дағы стористерін негізге алып.
Баян мерекелік дастарханның басты сәні болған тортты көрсетті. Бұл тәтті дәмді оның үлкен қызы Айару арнайы дайындап, оны сіңлісі Алисаның 6 айлық мерейтойына арнаған.
Жылы отбасылық атмосферада түсірілген келесі кадрда Айару мен Алисаның әкесі Тұрсен үйде әзірленген десертті алғашқылардың бірі болып татып көруде.