«Бір-бірі үшін жаралғандар»: Сәкен Қағаров сүйіктісі Айжұлдыз Адайбековаға үйленуге ұсыныс жасады
Фото: instagram.com/saken_kagarov
Блогер, актриса Айжұлдыз Адайбековаға сүйіктісі Сәкен Қағаров үйленуге ұсыныс жасады. Бұл туралы Taspanews.kz блогерлердің Instagram-дағы ресми парақшаларына сілтеме жасап хабарлайды.
Сөз салу басқа ұсыныстардан ерекше болды. Өйткені, күйеу жігіт сөз салу үшін Исландиядағы сарқыраманың жанын таңдаған.
«Ол иә деді», – деп жазды Сәкен.
Мұны көрген желі қолданушылары жастарға бақыт тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
«Құттықтаймын», «Бақытты болыңдар», «Бір-бірі үшін жаралған жандар», «Өте ерекше жұп», – деп жазды желі қолданушылары.
Пост из социальной сети