«Бір қыста екі жылқы жейміз»: Алтынай Жорабаева соғымын көрсетіп оқырмандарының сынына қалды

Фото: instagram.com/altynai_zhorabayeva

Танымал әнші Алтынай Жорабаева соғымын көрсетіп, желі қолданушыларының сынына қалды. Өнер иесінің оқырмандары мұны «дым көрмегендік» деп атады.


Алтынай Жорабаева Instagram-дағы ресми парақшасында қысқы соғымын көрсеткен видео жүктеді.


«Бір қыста екі жылқы жеп қоямыз. Астанаға көшіп келгелі ет жейтін болыппын. Жалпы, етті көп жемеуші едім. Мына тұрған бір жасар тайдың еті. Қыс бойы балконға сақтаймын. Шымкентте етті тек тұзбен ғана тұздайды. Сарымсақ, бұрыш дегендерді қоспайды. Мен де солай жақсы көремін», – деді әнші.


Желі қолданушылары видео астына түрлі пікір қалдырып, әншіні сөгіп тастады.


«Етін, тамағын мақтанып көрсететіндерді түсінбеймін», «Осылай көрсетеді, сосын Тоқаев халықтың жағдайы жақсы екен деп ойлайды», «Ішетін тамақты салу – дым көрмегендік», «Етке де көз тиеді, бекер көрсеттіңіз», «Бәріміз де осындай ет жеп отырмыз, бірақ көрсетпейміз», – деп жазды желі қодданушылары.


Пост из социальной сети