«Бір сыныпта оқыдық»: Ердос Қанаев танымал сыныптастары жайлы айтты

Фото: instagram.com/erdoskanaev
«Жігіттер» квартетінің мүшесі Ердос Қанаев Еркін Нұржанов пен Асқар Жүнісбековтің сыныптастары болғанын айтты. Бұл туралы Taspanews.kz «1001 түн» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, олар мектеп кезінде триода ән салған.
«Біз Еркін Нұржанов, Асқар Жүнісбеков бір сыныпа оқыдық. Мектепте марқұм Аманжол мен Шара деген ұстаздарымыз болды. Сол кісілер мықты болды. Біздің бойымыздағы қабілетімізді байқап, бағалай білді. Аудандық жарыстар көп болды. Әр ауылдан мықты өнерпаздар баратын. Біздің ауылдың атынан жарыстарға үшеуміз баратынбыз. Мектепте де үшеуміз трио болдық. Асқар екеуміз домбырада, Еркін баянда ойнайтын. Солай кіші кезімізден өнерге жақын болдық», – деді өнер иесі.
Пост из социальной сети