Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады
Фото: instagram.com/darhanzholshybekov
Жастар арасында танымал блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы отбасыға үй сыйлады. Бұл туралы Taspanews.kz блогердің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жақында ғана жұбайының туған күнін дүркіретіп өткізген Дархан Жолшыбеков көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады.
Су жаңа пәтерге ие болған 4 баласы бар жалғызбасты ана. Өзі қатерлі ісік ауруына шалдыққан. Ал балалардың әкесі басқа отбасыға кетіп қалған көрінеді. Дархан Жолшыбеков отбасының жағдайын естіп, көмек қолын созуды ұйғарыпты.
«Мен тек себепкер! Әр адам, отбасы, бала бақытты болсын!», – деп жазды блогер.
Пост из социальной сети