Блогер Juzzefina өзіне қолдау білдірмеген әріптестеріне ренішін білдірді

Жұлдыз Жауынбаева фото на taspanews.kz от 30 января 2025 14:43
Фото: instagram.com/juzzefina244

Juzzefina лақап атымен танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева туған күн кешіндегі конкурста Құран аяттарын рэп қылып оқып, басы дауға қалған еді. Кейбір БАҚ қызды мас күйінде Құран оқыды деп жазды. Ал Жұлдыз мұны жоққа шығарып, халал кеште болдым деп ақталды. Бұл туралы Taspanews.kz блогердің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Бойжеткен желіде өзіне қолдау білдірмеген блогер достарына ренішін білдірді.


«Тойда болған жандар, барлығын көріп отырсыздар. Тым болмаса бір ауыз сөз айтуға мұршаларыңыз жетпей жатыр ма? «Бұның бәрі жалған, мен көрдім» деп айту қиын ба? Ешкім қолдамаса да, өзім алып шығамын. Ең бастысы шындық мен жақта», – деп жазды блогер.


Следите за новостями Taspanews