Блогер Сабина Мовлаева туған күнін ерекше стильде атап өтті

Фото: Коллаж: Taspanews.kz
Қазақстандық танымал блогер Сабина Мовлаева туған күнін «Игра в кальмара» сериалының стилінде атап өтті. Туған күнге блогердің танымал достары мен жақындары жиналды. Бұл туралы Taspanews.kz Сабина Мовлаеваның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Кадрлардан кеш қонақтарының ойын қатысушылары сынды киім киіп келгенін көруге болады. Одан бөлек туған күндегі көңіл көтеру ойындары да фильмнен алынған.
Сабина туған күнін тойлап қана қоймай, қонақтарына жаңа кәсібін таныстырды.