Бүркіт жары Аишаны туған күнімен құттықтаумен қатар жүрекжарды лебізін білдірді
Танымал қазақстандық әнші Бүркіт (Айбек Жансейітов) жары Аишаны туған күнімен құттықтап, оған деген шексіз сүйіспеншілігін жеткізді. Әнші Instagram желісінде жүрекжарды жазба жариялап, оған әсерлі видео мен жылы лебізін қоса арнады, – деп хабарлайды taspanews.kz.
Ол Аишаны өзінің өмірінің мәні, махаббатының символы ретінде атап, бірге өткізген жылдары үшін алғысын білдірді.
“Туған күніңмен, күнім! Ең бақытты жандардың бірісің! Сенімен мен жақсы болдым, сенің арқаңда көп нәрсені үйрендім! Жақсы, адал жар болғаныңа Аллаға мың алғыс!”, – деп жазды Айбек. Ол жарына алғысын айтып, оның өміріндегі ерекше орнын атап өтті.
“Сен – өмірімнің жарығысың! Сенің махаббатың – гүл жайнаған бақ! Аллаға сендей гүл сыйлағаны үшін шексіз алғыс айтамын!” – деп сөзін толықтырды әнші.
Желі қолданушылары да Бүркіттің шынайы сезіміне тәнті болып, Аишаның ақылдылығы мен даналығын жоғары бағалады. Сонымен қатар, жанкүйерлер жұлдызды жұптың жақында төртінші сәбилерін күтіп жүргеніне ерекше қуаныштарын жеткізді.