Бүркіттің жұбайы Аиша қазақ тілінде өлең оқып көпшілікті таңғалдырды
Қазақ эстрадасындағы танымал әншілердің бірі Бүркіттің келіншегі Аиша қазақ тілінде өлең оқып, оқырмандарын таңғалдырды. Өнер иесі осыған дейін келіншегінің аяғы ауыр екенін жариялаған еді. Өзін жаңа қырынан танытқан Аиша Instagram-дағы ресми парақшасына видео жүктеді. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды.
Айта кетейік, осыған дейін Бүркіт пен Аиша отбасымен шетелге демалуға кеткені туралы жазған едік. Аиша жағажайда түскен видеосында болашақ сәбиіне арнап оқыған өлеңін көрсетті.
«Бүгін қазақ тілінде өлең оқыған оңай емес екеніне көзім жетті. Мен бәрін әлдеқайда жеңіл деп ойладым. Енді мәнерлеп оқудың өзі бір өнер екенін түсіндім. Әр тілдің өз ерекшелігі бар. Сабырлық танытқан жолдасыма рақмет айтамын. Мінсіз оқи алмасам кешірім сұраймын», – деген жазба қалдырды әнші.