Дархан Жолшыбеков жұбайының туған күнін тойлауға 60 млн теңге жұмсаған
instagram.com/darhanzholshybekov
Блогер Дархан Жолшыбеков жұбайының туған күнін тойлауға 60 млн теңге жұмсағанын айтты. Одан бөлек ол кеш жүргізушісі Нұрлан Сабыровтың да гонорарын жасырмады. Бұл туралы Taspanews.kz Дархан Жолшыбековтің «Revuе News» бағдарламасына берген сұқбатына сілтеме жасап хабарлайды.
«Дари қыз ғой. Оған мүмкіншілік болып жатса жыл сайын туған күнін жасап беру – еркектік парызым деп білемін. Өзім туған күнімді жасамайды екенмін. Нұрланға қатысты ашығын айтқанда тез шешіліп кетті. Бұлай жасаймын деп ойлаған жоқпын. Солай болып қалды өзі. Ол кісі нақты соманы айтпауды өтінді. Шамамен, осы тойдың жартысы ғой», – деді Жолшыбеков.
Пост из социальной сети