«Дауыс берушілер саны көп болды»: Баян Алагөзова «Қазақ аруы» әділ өтпеді дегендерге жауап берді

Баян Алагөзова фото на taspanews.kz от 14 ноября 2024 16:05
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Қазақстандық танымал продюсер Баян Алагөзованың «Қазақ аруы» жобасы көпшіліктің сынына қалды. Олардың ойынша, байқау әділ өтпеген. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды.


Продюсер әртүрлі алып-қашпа сөздерге нүкте қойып, неге дауыс беру боты дұрыс жұмыс істемегенін түсіндірді.


«Байқау аяқталғаннан кейін түсініспеушілікке тап болдық. Адамдар «әділ өтпеді, дауыс беру боты жұмыс істемеді” деп жатыр. Дауыс берушілер саны өте көп болды. Telegram ресми парақшасының өзі бізге адамның көптігінен бот жүктеліп жатқанын хабарлады. Біз барлығын хаттамаға енгіздік. Дауыс беру ашық әрі әділ өткені жайлы дәлел бар. Байқау өткен залда интернет дұрыс істемеді. Ондағы халық, яғни 700 адам дауыс бере алмады. Бірақ қалған 65 мың адам дауыс берді», – деп түсіндірді продюсер Instagram-дағы ресми парақшасында. 


Следите за новостями Taspanews