«Демалуға арналған пәтер»: Алтынай Жорабаеваға жолдасы ерекше пәтер сыйлады
Қазақстандық танымал әнші Алтынай Жорабаеваға жұбайы ерекше пәтер сыйлады. Әншінің келінінің айтуынша, пәтерде ас бөлмесі жоқ. Бұл туралы Taspanews.kz Аяулым Жорабаеваның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сыйлыққа берілген пәтер демалуға арналған. Бір бөлмесінде тек сахналық обаздар болса, бір бөлмеде аяқ киімдер жиналған.
«Қайын әпкеме ағамның арнайы алып берген пәтері. Әпкем әрең рұқсат етті. Блогер болғасын оқырмандарыма көрсетуім керек деп айттым. Ас үй бөлмесі жоқ пәтер. Тек әпкемнің киімдері мен сахналық образдары ғана тұрады. Бір бөлмесі екінші бөлмесіне ұқсамайды. Бір бөлме аяқ киімі бар. Екі бөлме киімге толып тұр. Ортадағы үлкен шкафта тек алтындары тұрады. Жатын бөлме ғана бар. Бәрімізге осындай пәтер жұғысты болсын», – деді Аяулым Жорабаева.