Димаш Құдайберген «Virtuosos» музыка жобасына қазылар алқасының мүшесі ретінде шақырылды

Димаш фото на taspanews.kz от 28 января 2025 11:59
Фото: dimashnews

2025 жылғы 26 қаңтарда Димаш Құдайберген Венгрияның Будапешт қаласына келіп, «Virtuosos» жобасының 10-шы мерейтойлық маусымына қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты, – деп хабарлайды Taspanews.kz dimashnews сайтына сілтеме жасап.


Әлемге танымал әнші бұл жобаға өнерді қолдаушы әрі кәсіби бағалаушы ретінде шақырылды. Димаш Құдайбергенің «Virtuosos» жобасына екінші рет қатысуы. Өткен жылы ол алғаш рет осы байқаудың қазылар алқасы құрамында болған.


Өткен жылғы жобаның финалында Димаш ХХ ғасырдың ең ұлы дауысы маэстро Пласидо Домингомен дуэт жасады. Екеуі Жорж Бизенің «Інжу жинаушылар» операсындағы Надир мен Зурганың «Au Fond du Temple Saint» дуэтін бірлесіп орындады.


«Virtuosos» – классикалық музыка өнерін насихаттауға бағытталған халықаралық жоба. Оның мақсаты – талантты музыканттарды анықтап, әлемдік сахнаға жол ашу. Димаш Құдайбергеннің жобада қазылар алқасы құрамында болуы классикалық өнерге деген құрметінің және оның музыкалық шеберлігінің халықаралық деңгейде мойындалғанының дәлелі.


Димаштың қатысуы жобаға тың серпін беріп, қазақстандық және әлемдік көрермендердің қызығушылығын арттыра түсті.


Следите за новостями Taspanews