Динара Сәтжан келіндік қызмет жасап, көпшілікті таңғалдырды

Фото: instagram.com/dinarasatzhan
Танымал журналист, тележүргізуші Динара Сәтжан желіге қамыр жайып, қонақ күткен видеосын жүктеді. Бұл туралы Taspanews.kz Динара Сәтжанның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Сарыағаштағы атмосфера. Абысындардан мастер-класс», – деп жазды медиа маманы.
Мұны көрген желі қолданушылары таңданыстарын жасыра алмай, түрлі пікір қалдырды.
«Енді сұрақ, күйеу кім екен», «Абысын тату болса, ас көп», «Сарыағаштың келіні болып, жақсы болған екен», «Динара Сәтжанның қолынан шәй ішсек» деген ағайын-туыс көп шығар», «Динара, мен сізді танымай қалдым», – деп жазды желі қолданушылары.
Пост из социальной сети