Динара Сатжан Ұлттық Ұлан сарбаздарымен кездесті

Фото: Динара Сатжан Instagram Stories
2025 жылы 5 наурызда журналист, тележүргізуші, жеке кәсіпкер Динара Сатжан ҚР Ұлттық ұланына қонаққа келді, – деп хабарлайды Taspanews.kz танымал журналистің инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
Динара Сәтжан сарбаздардың қаруды жинауын, жаттығуын тамашалады. Одан бөлек, өзі қарудан атып көрді.
«Сіздер қазір үлкен өмір мектебін өтудесіздер. Уақыт өте тез өтеді. Ата-аналарыңыз сіздерді үйде күтуде. Олар сіздерді мақтан тұтады. Енді үйлеріңізге гүл шоғын апарып, жақындарыңызды қуантуға дайындалып жүріңіздер. Менің де балам әскерге барды. Бұл оның ең дұрыс шешімі болды деп ойлаймын»,