«Дұшпандар әбден тойлады»: Мақпал Жүнісова желіде тараған видеосын талқылағандарға жауап берді

Мақпал Жүнісова фото на taspanews.kz от 22 ноября 2024 10:46
Фото: instagram.com/zhunussova.makpal

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова желіде тараған видеосы үшін сынағандарға жауап берді. Әнші видеожазбадан кейін көп сөз келгенін айтты. Бұл туралы Taspanews.kz өнер иесінің Дина Төлепбергенге берген сұқбатына сілтеме жасап хабарлайды.


Әншінің сөзінше, желі қолданушылары қатты сынағанымен, тойға келген жұртшылық құшақ жая қарсы алады.


«Кешірім сұрайтындай мен ешкімнің басын жарған жоқпын, ешкімді атып тастаған жоқпын. Халық өзі ушықтырып алып кетті. Бұл жағдай маған ауыр тиген жоқ. Себебі мен мұндайға үйренгенмін. Сол жағдайдан кейін де талай жерге барып, ән айтып келдік. Халық бір ауыз сөз айтқан жоқ. Құшақтап, сүйіп құрмет көрсетті.


Шынайы өмірдегі халық пен желідегі халық мүлдем басқа екен. Анда-санда дұшпандарға да мереке сыйлап тұру керек. Әбден тойлап, ауызына келгенін айтты. Мені жақсылап тұрып жамандады. Ешкімнің ауызына қақпақ болмайсың ғой. Сол видеоны жастанып жатыңдар. Мүмкін сол кезде бақытты болатын шығарсыңдар», – деді әнші.


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews