«Ендігі шапқылау «Ұзату» болмақ»: Индира Расылханның қызына сырға салды

Индира Расылхан  фото на taspanews.kz от 19 декабря 2024 12:48
Фото: instagram.com/indira_rasylhan

Қазақстандық танымал әнші Индира Расылханның қызы Айдина сырғалым атанды. Бұл туралы Taspanews.kz әншінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Өнер иесі қызына сырға салынғанын жазып, оқырмандарына жақсы жаңалығын айтты.


«Сырға салу дәстүрімізді қайта жаңғыртсақ деген мақсатта, құдаларымызды күтіп, дәстүрімізге сай сый-сыяпатымызды жасап, шығарып салдық. Айдина қызымыз, сырғалым атанды. Ұл өсті, қыз бойжеткен осы екен. Күйеуге шығатын уақыттары да келіп қалғанын байқамаппыз. Әр нәрсе өз уақытында деп өзімді жұбатып қоямын. Ендігі шапқылау сол «Ұзату» болмақ. Құттықтауларыңызды жаудырып жіберіңіздерші жақсыларым! Ақынжанды жақсыларыма құлақтарына алтын сырға. Ұзатуға жақсы сөз керек еді», – деп жазды Индира Расылхан.


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews