Ерке Есмахан АҚШ-тағы концертінен бас тартуға мәжбүр болды

DoLA фото на taspanews.kz от 12 февраля 2025 12:25
Фото: DoLA

Танымал қазақстандық әншілер Ерке Есмахан мен RaiM 2024 жылдың қыркүйек айында АҚШ-тың төрт қаласында – Хьюстон, Чикаго, Лос-Анджелес және Нью-Йоркте концерт қоюды жоспарлаған. Алайда ұйымдастырушылар тарапынан жіберілген қателіктер салдарынан олар виза ала алмай, концерттерін кейінге шегеруге мәжбүр болды, – деп хабарлайд Taspanews.kz.


Қазақстандық әнші Ерке Есмахан АҚШ-та жоспарланған концертін өткізе алмайтынын айтты. Ол Instagram парақшасында ұйымдастырушылардың заңды бұзбай ұшпағанына ренжігенін айтып, виза мәселесіне байланысты турдың тоқтатылғанын түсіндірді.


“Егер біз жұмыс визасының уақытына қарамай, ұшып барып концерт қойсақ, бұл заңсыз болар еді”,  – деп жазды әнші.

Еркенің айтуынша, ол ақпанның 5-інде визаға құжат тапсырған, бірақ тек 10-ында қолына алған. Алайда, АҚШ-та болу уақыты тек 2 күнге ғана берілген, ал концерттер 13-18 ақпан аралығында жоспарланған. Әнші заң бұзбау үшін концерттен бас тартуға мәжбүр болғанын айтты. Осылайша, қазақстандық жұлдыздардың АҚШ-тағы концерттері тағы да белгісіз уақытқа шегерілді. Тыңдармандардың сүйікті әншілерін шетел сахнасынан көру үміті әзірге сақталуда.  


Ерке Есмахан инстаграмы фото на taspanews.kz от 12 февраля 2025 12:25
Фото: Ерке Есмахан инстаграмы
Следите за новостями Taspanews