Ерке Есмахан оқырмандарымен махаббат тақырыбы бойынша сырласты

Ерке Есмахан инстаграмы фото на taspanews.kz от 11 февраля 2025 11:35
Фото: Ерке Есмахан инстаграмы

Танымал әнші Ерке Есмахан тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес беріп, көпшілікті толғандырған сұрақтарға жауап берді, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


Оқырмандарының бірі Ерке Есмаханға: “Өзімнен 12 жас үлкен жігіт сезімін білдірді. Қалай қабылдасам болады?” – деген сұрақ қойды.


Әнші өз кезегінде: “Не үшін қиналып қабылдайсыз?! “Қалай қабылдаймын?” деген сөздің өзі махаббат жоқ екенін білдіреді. Оны қойыңыз, өзіңізді де, оны да алдамаңыз. Шынайы сезім жасқа, ұлтқа, салмаққа қарамайды. Егер жүрек дүрсілдеп, сезім оянса, “қалай қабылдаймын?” деген сұрақ туындамайды. Махаббатты сезінгенде, ойланбай, ұшып кетесіз,” – деп жауап берді.


Сонымен қатар, әнші Райм екеуі туралы сөз қозғады:


“Біздің жұпта алдымен Райм маған ғашық болды. Сезімін білдірді. Ер мінезімен баурады. Менде де ұшқын болды, бірақ қызға тән қылық танытып, назданып, қырсықтым. Ақыры екеуіміз де шынайы сезімге мойынсұндық. Соңында шаңырақ көтердік,”  – деді Ерке

Следите за новостями Taspanews