Ерке Есмахан отбасылық саяхаттан кейін жан тебірентерлік естеліктерімен бөлісті

Ерке фото на taspanews.kz от 07 февраля 2025 13:07
Фото: Ерке Есмахан инстаграмы

Әнші Ерке Есмахан бір ай бойы отбасы мүшелерімен шетелде саяхаттап, ерекше естеліктерімен әлеуметтік желіде бөлісті, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


 Танымал әнші Ерке Есмахан жұбайы Raim және екі ұлымен бірге Еуропа мен Түркияның әсем қалаларын аралап, отбасылық демалыстың әр сәтінен ғажап сезім алғанын жасырмады.


Ерке әлеуметтік желіде саяхаттан алған әсерімен бөлісті:


“Бір айлық саяхатымыздың тамаша нүктесі. Бұл – біздің әр арманымыз бен тілегіміз орындалған мереке болды. Келесі отбасылық сапарымызда біз бес жан боламыз. Әр шаңырақ бақытқа толы болсын, әр ойлағанымыз жүзеге ассын!”, – деп жазды ол.

Әншінің бұл жазбасы оқырмандар арасында жылы әсер қалдырып, көптеген құттықтау мен жылы лебізге ие болды.


Ол келесі сапары жаңа отбасы мүшесімен болатынын атап өтті. 


Ол келесі сапары жаңа отбасы мүшесімен болатынын атап өтті. 


Следите за новостями Taspanews