«Еркекті үйретіп керек емес»: Ерке Есмахан жұбайынан сыйлық алғысы келетіндерге кеңес берді

Фото: instagram.com/erke_esmahan

Эстрада жұлдызы Ерке Есмахан күйеуге сыйлық беруді үйретіп керек емес дейді. Оқырман сұрақтарына жауап берген ол жұбайлардың арасындағы сыйлық мәселесі туралы айтты. Бұл туралы Taspanews.kz Ерке Есмаханның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Өнер иесі ерлердің табиғаты сыйлық беруді біледі дейді. Одан бөлек, әнші «әйел фокусты өзіне қойса ғана, жұбайы оның темпіне ілесетінін» жазды.


«Қыздар, расын айтқанда, еркекті үйретіп керек емес. Олар бәрін өздері-ақ біледі табиғаттан. Нені қалай жасау керегін. Қолымнан келмейді, гүл сыйлай алмаймын, мен ондай еркек емеспін, ақшам жоқ деген нәрсе өтірік. Сондықтан жарты жолға келгенде, үйт-бүйт дей алмайсыз-ау. Фокусты өзіңізге бұрыңыз, өзіңіз өсіңіз. Жақсы көрген адам темпіңізге ілеседі», – деп жазды Ерке Есмахан.