«Ешкім тиіспеді»: Трансгендер Амилай бостандыққа шықты

Фото: instagram.com/amilai_official

Амилай лақап атымен танымал трансгендер Амандық Баймұратов ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 7 тәулікке қамауға алынған еді. Блогер Instagram-дағы ресми парақшасында бостандыққа шыққанын айтты. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды.


Амилайдың айтуынша, ол абақтыда ешкімнен қысым көрмеген.


«Достар, мен шықтым. Бәрі жақсы өтті. Ол жақта ешкім тиіскен жоқ. Өйткені мен Егер маған тиісетін болсаңыздар, бәрін шулатамын“ деп қорқыттым. Сол үшін ешкім жоламады. Бастықтармен танысып қайттым. 85-90 жылғы жігіттер екен. Мені ұстаған полициялар ғой, нағыз қанішерлер. Жүйкеге тиеді екен. Түрме қызметкерлері сыпайы әрі барлығын түсіндіреді. Көзімнің қызарғаны қайтпай жатыр. Соны уайымдап отырмын. Сол жақтан вирус жұқтырып келген екенмін. Окулистке қаралып, ем алып жатырмын», – деді желі жұлдызы.