Фариза Төреәлі анасы мен енесіне алған қымбат сыйлығын көрсетті

Фариза Төреәлі  фото на taspanews.kz от 07 февраля 2025 15:44
Фото: instagram.com/farizatoreali

Қазақстандық танымал блогер Фариза Төреәлі анасы мен енесіне алған қымбат сыйлығын көрсетті. Бұл туралы Taspanews.kz Фариза Төреәлінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Блогер қос анасына сыйлық сыйлау жұбайының идеясы екенін айтты.


«Бүгін менің жүрегім ерекше елжіреп тұр. Себебі жан жарым екі анамызға да сыйлық жасады. Бірақ бұл жай ғана дүние емес, бұл – жүректен шыққан шынайы құрмет, алғыс пен махаббаттың көрінісі. Ана үшін баланың бір жылы сөзі де – ең үлкен сый. Бірақ ер азаматтың анасына жасаған құрметі – бүкіл шаңыраққа жайылатын береке. Себебі ана разы болса, Алла разы. Қазақта «Ер адамның анасына деген құрметі – әйеліне деген махаббатының айнасы» деген сөз бар. Бүгін осы сөздің мағынасын терең түсіндім. Сізге алғысым шексіз!», – деп жазды блогер. 


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews