«Қалыңдық Party»: Айгүл Иманбаева құрбыларының тосынсыйын көрсетті

Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva

Қазақстандық танымал әнші Айгүл Иманбаева шетелде тұрмысқа шыққанын айтқан еді. Өнер иесінің құрбылары отбасын құрар алдын «Қалыңдық кешін» жасап берген көрінеді. Бұл туралы Taspanews.kz Айгүл Иманбаеваның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Әнші құрбыларына алғыс білдіріп, «достан жолы болғанын» айтты.


«Мен негізінде адал достардан жолым болған адаммын! Ешқандай жасандылықсыз, есепсіз, үнсіз бір-біріңді қабағыңнан ,көзқарасыңнан түсінетін дос – ол менің өмірдегі бір байлығым! Сондай достарымның қатарында ағылшын елінде менің досым – Гүлшекерім бар. Бір үйде бір жыл бірге тұрдым, бір нанды бөлісіп жедім, ұзақ жолдарда бірге жүрдім – бәрін айта берсем ұзақ болар! Сезгенім оның маған аңқылдаған адалдығы, кіршіксіз тазалығы! Жанының тазалығы, жүрегінің кеңдігі, ниетінің түзулігі, өресінің ашықтығы бәрі- бәрі – бір кішкене ғана қазақтың қызы Гүлшекердің бойынан табылады. Жаратқанның бұл сыйына алғысым шексіз. Ал мына видео Гүлекемнің мен күйеуге шығардағы жасаған тосынсыйы «Қалыңдық патиі». Гүлекем! Жаным сол, сізге алғысым шексіз», – деп жазды Иманбаева. 


Пост из социальной сети