Кәмшат Жолдыбаева әлеуметтік желіге шықпай кетті

Танымал әнші, әрі актриса Кәмшат Жолдыбаеваның соңғы уақытта Instagram-дағы белсенділігі күрт төмендеді – бұл жанкүйерлер арасында үлкен сұрақ туғызды, – деп хабарлайды Taspanews.kz.
Әншінің парақшасындағы бұрынғы жазбаларының көпшілігі өшіріліп, тек 41 жазба ғана қалған. Сондай-ақ, био бөлімінде күтпеген өзгеріс пайда болып, “әйелдерге арналған психолог” деген жазу қосылды.
Бұл күтпеген өзгерістерге қатысты желі қолданушылары түрлі пікірлер білдіруде: “Кәмшат, қайда кеттіңіз? Барлығы дұрыс па?” “Әншілікті қойып, психологияға бет бұрдыңыз ба?”, “Күйеуге шықтыңыз ба?” деген жазбалар әншінің парақшасында көзге түседі. Көпшілік оның шығармашылықтан уақытша кетуі мүмкін екенін болжауда, ал кейбірі бұл жаңа жобаның бастамасы болуы мүмкін деп есептейді.