Кәмшат Жолдыбаеваның жоқ болып кеткені – нәрестелі болғаны ма?
Соңғы уақытта танымал әнші Камшат Жолдыбаева әлеуметтік желіде сирек көрінуде. Оның Instagram парақшасындағы жазбалардың саны азайып, жеке өміріне қатысты мәліметтерді өшіріп тастағаны байқалған. Желі қолданушылары әншінің “күйеуге шығып, жоқ болып кетуін” қызу талқылап, оның тұрмыс құрғанын және ана атанғанын болжауда, – деп хабарлайды Taspanews.kz.
Онымен қоса, журналист Анна Данченко да Камшат Жолдыбаеваны құттықтап, “бауы берік болсын” деген тілегін білдірді. Бұл әншінің расында да босанғанын айғақтай ма, жоқ па – әзірге ресми расталмаған. Десе де, желіде пайда болған бұл ақпаратты тыңдармандар мен жанкүйерлер жарыса бөлісіп, әншінің денсаулығы мен амандығына тілек білдіруде.Камшаттың өзі әзірге қандай да бір ресми түсініктеме бермеді. Біреулер оны Ақтөбеде тұрып жатыр десе, енді біреулер әншінің психолог ретінде жаңа бағытта қызмет етіп жүргенін айтады.
Қалай болғанда да, Камшат Жолдыбаева туралы сыбыстар мен түрлі болжамдар көбейген тұста, көпшілік әншінің жақын арада жанкүйерлеріне жақсы жаңалықтарымен бөлісеріне үмітті.