«Қауын-қарбыз ектім»: Кенжебек Жанәбілов еш жерде айтпаған сырын бөлісті

Кенжебек Жанәбілов фото на taspanews.kz от 31 января 2025 14:01
Фото: instagram.com/kenzhebekmuzart

«Музарт» тобының мүшесі, танымал әнші Кенжебек Жанәбілов бала күнінде еңбек еткен кездерін еске алды. Бұл туралы Taspanews.kz Кенжебек Жанәбіловтің «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатына сілтеме жасап хабарлайды.


Өнер иесінің айтуынша, әкесінен ерте қалған соң еңбекке ерте араласқан.


«4 жасымда әкем дүниеден озды. Содан бері анамның өсиетін тыңдап өстік. Өнер анамның бойынан дарыған. Мектеп қабырғасында жүргенде тек өнер емес, еңбекке жақын болдым. Жетінші ме әлде сегізінші сыныпта ма жер аударып, қауын-қарбыз да ектім. Өте еңбекқор болатынмын. Бұл туралы алғаш рет айтып отырмын. Сол кезде анам осы бала бәріңді асырайды деп айтатын.


Бір жыл мектепке бармай, спортпен айналыстым. 1,5 жыл бокспен шұғылдандым. Ол кезде артық салмағым болатын, 6 айдың ішінде 35-40 килограмм салмақ тастадым. Мектептегі қыз-жігіттер мені танымай қалды. Егер өнерге келмесем, спортпен айналысатын едім», - дейді әнші.


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews