Қайрат Нұртастың анасы әншінің туған күніне қымбат алқа сыйлады

Фото: Жеке парақшадан
Эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың анасы әншінің 36 жасқа толған туған күніне қымбат алқа сыйлады. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды.
Өнер иесінің анасы әрі продюсері алқаның ақ алтыннан жасалғанын айтты.
«Мойныңда жарқырап жүрсін деген ниетпен ақ алтын алқа сыйлап жатырмын. Халықтың ақ алтын баласы. Өте ауыр, мойның көтерсін. Мына сыйлыққа ешкімді қоспай, өзім бердім. Қалғандарың өздерің сыйлаңдар», – деп күлді Айдарбекова.
Пост из социальной сети