«Қазақ елі үшін қызмет еткен әншімін»: Мақпал Жүнісова өнерін неге шетелде дамытпағанын айтты

Фото: instagram.com/zhunussova.makpal

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова неге шетелге шығып өнер көрсетпегені туралы айтты. Өнер иесі туған жерде «суда жүзген балықтай» сезінетінін жеткізді. Бұл туралы Taspanews.kz Мақпал Жүнісованың «Оян» бағдарламасына берген сұқбатына сілтеме жасап хабарлайды.


Оның айтуынша, әншінің шетелге шығып, танымалдығын арттыруға мүмкіндігі болған.


«Қазақ елі үшін қызмет жасаған әншімін. Мына тұрған Мәскеуде де концерт беріп көрмеген адаммын. Мен тек Қазақстанды араладым. Ауылдарды, станцияларды аралап шықтым. Тіпті далада да, комбайнның жанында да ән салдым. Сондықтан еліме деген махаббатым өте биік. Өз жерімде өзімді суда жүзген балықтай сезінемін. Шетелге барып, сол жақта атымды шығаруға болар еді. Менде ондай жағдай болды. Жолдасым бастық болды. «Мені шетелге шығарып, мына Мәскеуге апарып концертімді жаса» десем орындайтын еді. Бірақ мен ондайға бармадым. Алдымен өз елімнің батасын алайын дедім. Өз елімде қазақтың әнінің шыңына шығайын дедім», - деді өнер иесі.


Пост из социальной сети