«Қазақ жігіттеріне тән қасиет емес»: Меруерт Түсіпбаева альфонстар жайлы айтты

Фото: instagram.com/meruert_tusupbaeva

Қазақстандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева альфонстар туралы сөз қозғап, ондай жігіттермен бірден байланысын үзетінін айтты. Бұл туралы Taspanews.kz Меруерт Түсіпбаеваның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Өнер иесі «көп адамдармен араласатын болғандықтан, альфонстардың көп екенін білемін» дейді.


«Менің өмірімде альфонстар болған емес. Еркек менен ақша алғысы келіп тұрғанын, менің жағдайымды пайдаланғысы келіп тұрғанын сезсем бірден байланысты тоқтатамын. Негізі қазіргі уақытта ондай адамдар өте көп. Мен көп адаммен араласамын. Сол себепті ондай ер адамдар өте көп екенін айта аламын. Құдай сақтасын бұл жақсы үрдіс деп ойламаймын. Әйелдің арқасында өмір сүріп, әйелдің арқасында жағдайын жақсарту деген мүлдем жақсы емес. Бұл қазақтың жігіттеріне тән қасиет емес», – деді Түсіпбаева.


Пост из социальной сети